«Қайрат» футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. Бірақ тізімде Дастан Сәтпаев жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қайрат» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр.
2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.
4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты – оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
