Жұма, 03 қазан, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Денис Тен мемориалы: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан соң көш бастады

03.10.2025

48 0

Фото: gov.kz

Алматы қаласында даңқты отандасымыз, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Challenger сериясындағы 6-шы жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 1-орынға жайғасты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 балл жинады.

Ерлер, қысқа бағдарлама:

1. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 95.01 балл
2. Ника Эгадзе (Грузия) – 87.58 балл
3. Джейсон Браун (АҚШ) – 86.61 балл

7. Диас Жиренбаев (Қазақстан) – 77.14
16. Никита Кривошеев (Қазақстан)
17. Олег Мельников (Қазақстан)

Әйелдер, қысқа бағдарлама:

1. Хэин Ли (Оңтүстік Корея) – 64.78 балл
2. Мадлен Шизас (Канада) – 55.55
3. Джозефин Ли (АҚШ) – 54.15

6. Амира Ирматова (Қазақстан) – 47.22
7. Нұрия Сүлеймен (Қазақстан) – 44.95
9. София Фарафонова (Қазақстан) – 42.47
10. Вероника Коваленко (Қазақстан) – 39.57
11. Русалина Шакрова (Қазақстан) – 30.5

Айта кетейік, әйелдер арасындағы еркін бағдарлама бүгін өтіп, жүлдегерлер белгілі болады. Ал ерлер ертең мұзайдынға шығады.

Кеше турнирдің салтанатты ашылуына ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: