Сенбі, 20 желтоқсан, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (2209)
20.12.2025
PDF мұрағаты

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

20.12.2025

68 0

Фото:  Egemen.kz.

The Ring беделді журналы орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) өз рейтингінен алып тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Жыланды өңірінің 32 жастағы тумасы дивизион рейтингінде бірінші орында тұрған еді. Алайда айдың басында VADA допинг-тестінің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер тізімінен толықтай шығарылды. Бұл туралы журналдың ресми жаңартуында айтылған:

– Бұрын рейтингтің бірінші нөмірі болған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің жағымсыз нәтижесінен кейін тізімнен шығарылды. Соның салдарынан қалған барлық боксшылар бір сатыға жоғарылады, ал кіші Хесус Рамос рейтингтің алғаш рет ондыққа кірді, – деп хабарлайды The Ring.

 Жаңартылған рейтингте бірінші орынға WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) көтерілді. Ал үздік үштікті кубалық боксшылар – Йоэнлис Эрнандес (8-0, 7 КО) пен Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) түйіндеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: