Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ДҮБІРЛІ ДОДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

24.06.2023

736 0

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы әкімінің Кубогі үшін қаламгерлер арасында шағын футболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті. Дүбірлі доп додасында Астана, Шымкент қалалары, Атырау, Түркістан облыстары мен Қызылорда қаласынан барлығы 8 команда бақ сынады. Тартысты ойындар нәтижесінде жартылай финалға «Қазмедиа», «Qaz365.kz» және «Атырау» командалары шықты. Финалда «Қазмедиа» командасы Қызылорда қаласы әкімінің Кубогі үшін өткен республикалық турнирдің чемпионы атанды.Додада оза шапқан «Қазмедиа» командасын қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков қала әкімінің арнайы кубогімен, медальдармен және 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапаттады. Екінші орынды жеңіп алған «Qaz365.kz» командасына 700 мың, ал, қола жүлдегер атанған «Атырау» командасына 350 мың теңге табысталды. Турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясымен 6 гол салған Қайсар Жетпісбай (Атырау) марапатталса, «Қоғам ТВ» командасының ойыншысы Ержан Батыршаев “Үздік шабуылшы» деп танылды. «Шымкент» командасының ойыншысы Айбек Қабылша «Үздік қақпашы» атанса, турнирдің «Үздік қорғаушы» номинациясымен Түркістан облысынан келген Самат Сүлей марапатталып, қаржылай жүлделер тапсырылды.Еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық БАҚ өкілдерінің басын қосқан турнирде қатысушылар қонақжай Сыр елі жұртшылығына ризашылықтарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: