Сенбі, 08 қараша, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Джиу-джитсудан ӘЧ: Қазақстан жалпы есепте 1-орын алды

08.11.2025

52 0

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ересектер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының спортшылары 11 алтын, 16 күміс және 13 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Біздің чемпиондар:

Талант Тоқтыбаев (контакт 85 кг), Акбар Елубайұлы (контакт +94 кг), Ақжүніс Өтебаева (контакт 57 кг), Мақсат Төленді (ноу ни 85 кг), Мақсат Мұратұлы (ноу ги 56 кг), Атакелді Есетов (ноу ги 62 кг), Аслан Қанатбек (хиф контакт 62 кг), Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф контакт 69 кг), Жібек Құлымбетова (неваза 48 кг), Шерхан Жақсылық (контакт хиф 85 кг), Бекзат Баймұратов (контакт хиф 77 кг);

Ересектер бойынша жалпы есеп:

1. Қазақстан (11 алтын, 16 күміс, 13 қола)
2. Бейтарап атлеттер командасы (10 алтын, 7 күміс, 17 қола)
3. Вьетнам (8 алтын, 7 күміс, 10 қола)
4. Германия (7 алтын, 3 күміс, 4 қола)
5. Бразилия (6 алтын, 7 күміс, 4 қола)

Айта кетейік, биылғы чемпионат 14 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері U16-18-21 жас санатындағы жекпе-жектер өтеді. Ересектер арасында 59 мемлекеттен 1100-ге жуық спортшы қатысты.

Осы тұста джиу-джитсу елімізде мемлекет тарапынан басымдық берілетін спорт түрлерінің қатарына жататынын айта кету керек. Жан-жақты жағдай жасалып жатқанның арқасында джиу-джитсу бұқаралық сипат алып, танымал спортқа айналды. Спортшыларымыз жазғы Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар және тағы басқа кешенді жарыстар мен әлем, Азия чемпионаттарында жоғары жетістікке жетіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: