Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде Дзюдодан 2007-2008 жылы туған жасөпірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 20 командадан 707 жас палуан қатысты.
Жарысты Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов салтанатты түрде ашып, 3 күн қатарынан өтетін дүбірлі додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде өңірдің осы спорттағы жетістіктеріне тоқталып, жақында Азия құрлығын бағындырған Мағжан Шамшадин мен Нұрлыхан Шарханды, Әлем чемпионатынан қола медаль еншілеген Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады.
ҚР дзюдо федерациясының вице президенті Ержан Зайдинов федерация атынан барша қатысушыларды құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Үш күнге созылған Сыр еліндегі ҚР чемпионатының нәтижесінде қызылордалық палуандар үш алтын, төрт қола медаль еншіледі. Осылайша жарысты командалық есепте Қызылорда облысы І орынмен аяқтады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!