Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Екі қазақстандық боксшы допинг қолданғаны үшін үш жылға спорттан шеттетілді

10.07.2023

706 0

Бокстан Қазақстан құрамасының екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Ұлттық допингке қарсы орталыққа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Атап айтар болсақ, 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саматәлі Төлтаев пен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абзал Серік жарыстардан ресми түрде шеттетілді. Саматәлінің допинг сынамасынан оралтуринабол, Абзалдың сынамасынан метастерон табылған. Екі препарат та спортшылардың қолдануына тыйым салынаған дәрілер қатарына жатады. Ұлттық допингке қарсы орталық мәліметінше, Төлтаев 2023 жылдың 3 наурызынан 2026 жылдың 3 наурызына дейін, Серік 2023 жылдың 7 сәуірінен 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін спорттан аластатылды. Саматәлі Төлтаевтың допинг қабылдағаны туралы ақпарат наурыз айында жарияланған болатын. Ал Абзал Серіктің тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданғаны жақында хабарланды. Екі спортшы да бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі. Төлтаев 2022 жылғы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алса, Абзал Серік былтырғы «Елорда кубогінде» Дулат Бекбауовты жеңіп, чемпион атанған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: