Бүгін Елорда төрінен «24 KZ» телеарнасының белгілі журналистері Аслан Каженов пен Азамат Әбілхайыр Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында аймақ басшысының үлкен қолдауымен ашылған бірқатар спорт нысандарын аралап, байыпты бастамалардың жүзеге асырылу барысына куә болды.
Журналистер ең алдымен 2023 жылы ашылған Тасбөгет кентіндегі №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды.
Жаңа ғимаратта екі спорт залы, жаттығу залы, емдеу бөлмесі, әкімшілік және киім ауыстыру бөлмесі қамтылған.
Сондай-ақ, онда 15 жаттықтырушы 440 спортшыға бірнеше спорт түрлері бойынша жаттығу өткізеді. Журналистер спорт мектебінің жұмысымен танысып, ондағы спортшылардың тыңғылықты дайындығын тамашалады.
Құрметті қонақтардың келесі аялдаған нысаны – «Мұз айдыны» спорт кешені. Бұл нысан 2013 жылдан бері спорт сүйер қауымға сапалы қызмет көрсетуде.
Орталықта ойын залы, грек-рим күресі, көркем гимнастика, мұз алаңы, жаттықтырушы-оқытушылар бөлмесі, сонымен бірге спорттық билерге арналған хореографиялық сынып қарастырылған.
Орталықтың тағы бір ерекшілігі – өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қосалқы кіреберіс аумағы кеңейтті. Сонымен қатар, бұл нысанда арнайы QR кодтар мен Face ID жүйесі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, келушілерге арналған демалыс орындары да соңғы үлгіде жабдықталған.
Ауқымды жұмыстардың барлығы орталықтың жеке қаражаты есебінен жүргізілуде. Тілшілер қауымы аталмыш ғимаратты толық аралап, орталықтың бюжеттік жүйесіндегі жүйелікті жақсы бағамдады.
Одан кейін журналистер қауымы облыс әкімінің қолдауымен пайдалануға берілген заманауи үлгідегі «Теннис орталығына» барып, ғимараттың жұмысымен етене танысты. Онда тілшілер қауымы өзара үстел теннисінен бақ сынап, келушілерге керемет ойын өрнегін көрсетті.
Сонымен қатар, «Нұрсәт» теннис орталығында өтіп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Арбадағы теннис» жарысында жеңімпаз атанған спортшылардың марапаттау іс-шарасына қатысып, спортты жанына серік еткен жандармен арнайы сұхбат құрды.
Аймақ басшысының қатысуымен былтыр Қызылорда қаласының сол жағалауында 11 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланған болатын. Қазіргі таңда стадион құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа нысанда тек жасыл алаң ғана емес, бірнеше спорт түріне арналған жаттығу залдары да қамтылған. Аталмыш нысан осы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, Осыған орай, астаналық журналистер жаңа стадионның құрылыс алаңына барып, басқарма басшысынан ғимарат туралы сұхбат алды.
Сапар соңында құрметті қонақтар басқарма басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлынан бір айда атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы келелі сұхбат жүргізді.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!