Дүйсенбі, 17 қараша, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Елордада классикалық шахматтан өткен балалар чемпионаты өз мәресіне жетті

17.11.2025

57 0

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада классикалық шахматтан өткен қалалық балалар чемпионатының жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жарыс New Generation School базасында ұйымдастырылып, 8-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бақ сынады. Турнир жеті турдан тұрды. Қатысушылар жоғары дайындықтарын, стратегиялық ойлауын және шыдамдылықтарын көрсетті.

Нәтижесінде түрлі жас санаттары бойынша ұлдар мен қыздар арасынан 36 жүлдегер анықталды. Жарыста бірінші және екінші орын алғандар Астана шахмат федерациясының құрамына қабылданып, Қазақстан чемпионатына қатысу құқығын иеленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала чемпионатының жеңімпаздары жыл сайын дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұлттық біріншілікке жолдама алады.

Турнирдің аға жаттықтырушысы әрі ұйымдастырушысы Бақтияр Нұғыманов жарыстың маңызын атап өтті.

Бұл – жас шахматшылар үшін үлкен жолдың басы. Біз үздіктерді анықтап қана қоймай, кәсіби деңгейге өтетін алты спортшыны іріктейміз. Мұндай турнирлер жас таланттарға үлкен шахматқа жол ашады, – деді ол.

Қатысушылар да жарыстың күрделі өткенін жеткізді. Турнир жүлдегері Әнуар өз әсерімен бөлісті.

Бұл чемпионатқа бірнеше рет қатысып жүрмін. Әр жарыс өте тартысты өтеді. Биыл бес күнде жеті тур ойнадық – бұл үлкен еңбек. Кейбір партияларда жеңіске жетуге болар еді, бірақ жалпы нәтижемді әділ деп санаймын. Жүлделі орын алғаныма қуаныштымын, – деді ол.

Чемпионат интеллектуалдық мәдениетті дамытуға, жастар арасында шахматты кеңінен насихаттауға және талантты спортшыларды қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар жас шахматшыларды дайындауға үлес қосқан жаттықтырушылар мен ата-аналарға алғыс білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: