Жұма, 27 желтоқсан, 16:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Еске алу турнирі өтті

02.11.2021

2740 0

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, қалалық білім бөлімімен бірлесіп білім беру саласында өзіндік із қалдырған ұлағатты ұстаз Ноғайбаев Жандос Орынбасарұлын еске алу құрметіне арналған қаладағы жалпы білім беретін мектеп ұстаздары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

– Жастық жолы мен күш қайратын, терең де телегей білімдерін шәкірттеріне арнаған Жандос Орынбасарұлы қысқа ғана дәуренінде сүйікті ұстаз болды. «Ұстазы жақ­сының ұстамы жақсы» де­мекші, тәлім алған шәкірттерімен бірге мектеп аралық, қалалық, облыстық, рес­пуб­ликалық сайыстарда жүлделі орын­дардың иегері атанды.

Жалпы білім – теңіз болса, мек­теп – кеме, спорт – адамның салауатты өмір салты, осы бір кең дүниеге шамшыра­ғын жаққан білімдінің алды жарық, арты кемелдіктің сара жолы. Бүгінгі сайысы­мызда жүлделі орын алған командалар­­­ды тағы да шын жү­ректен құттықтаймын, – деді марқұмның ағасы Сәбит Ноғайбаев.

Турнир қорытындысы бойынша ІІІ орынды 9 мектеп-лицей командасы, ІІ орынды 101 мектеп-лицей командасы иемденсе, І орынды 173 орта мектебі командасы жеңіп алды. Турнирге 10 командадан 100-ге жуық спортшы қатысып, жарыстың үздік номинация иегерлері анықталды.

Жеңімпаз болған командалар мен номинация иегерлеріне ұйымдас­тыру­­шылар тарапынан мадақтама грамота­лары, медальдары және кубок­тары, үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар мен қаржылай сый­ақылар табысталды.

Ақтілек БІТІМБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: