Жұма, 03 қазан, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына ұсынылды

03.10.2025

44 0

Фото: Getty Images Sport

Қазақстандық танымал боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залының (IBHOF) үміткерлер қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұйым алдағы 2026 жылғы тізімге дауыс беру үшін арнайы бюллетеньдер таратқан. Сол арқылы әлемнің беделді спорт журналистері мен бокс тарихшылары өз таңдауларын жасайды.

Ерлер арасындағы үміткерлердің ішінде алғаш рет Геннадий Головкин, екі салмақта чемпион болған америкалық Вернон Форрест және ирландиялық бокс аңызы Стив Коллинз бар. Әйелдер санатында жапондық бес дүркін чемпион Наоко Фудзёка, неміс боксшысы Кристина Хаммер және мексикалық Жэки Нава ұсынылған.

Қорытынды нәтиже желтоқсан айында белгілі болады. Дәстүр бойынша дәл сол кезде Халықаралық бокс даңқ залына енгізілетін жаңа есімдер жария етіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: