Сурет: zhasalash.kz
Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша чемпион атағынан бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.
«GGG IBF атағынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?», — деп жазды Уилсон әлеуметтік желілерде.
Айта кетейік, бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) IBF (Халықаралық бокс федерациясы) бойынша қазақстандықтың атағына үміткер болған. Бұл ретте IBF тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалмаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!