Журналист Райан О ‘ Хара қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мансабын жалғастыру мүмкіндігі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Fightnights.com тілшісі өзінің твиттер парақшасында Геннадийге қатысты пікір білдірді.
Геннадий Головкин қайтадан жұдырықтасса, ол 168 фунт салмақ дәрежесінде күресетінін айтты. Зейнетке шығу да мүмкін. Ол әлі шешім қабылдаған жоқ, – деп жазды О’Хара Твиттерде.
Головкин WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан бас тартқан болатын. Қазіргі уақытта боксшыда тек IBO титулы бар.
Сондай-ақ Геннадий өзінің соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль Канело Альвареспен өткізген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!