Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Головкиннің қарсыласы кім?

27.10.2022

1063 0

Төрткүл дүние көз тіккен трилогия тәмам. Головкин мен Альварестің текетіресі «Канелоның» есебіне жазылды. Ендігі кезекте IBF және WBA басшылығы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтады.

Қазіргі кезде спортшымыз Геннадий Головкин­­нің IBF және WBA тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бар. Негізі GGG-дің кезекті қарсыла­сы кубалық Эрисланди Лара еді. Бірақ қазақстандық былғары қол­ғап шебері титулдарын брази­лиялық Эскива Фалькао­ға қарсы жекпе-жекте қорғауға міндетті.

Жалпы бразилиялық бокс­шы Эскива Фалькаоның но­каутер атағы бар. Ол кәсіби мансабында 30 жекпе-жек өткі­зіп, 20-сын нокаутпен аяқтаған. Головкиннің бұл қарсыласы туралы және алдағы жекпе-жек жайлы талқы­лағандар қатары күн санап артып келеді. Бірі бұл кездесуде нокаут болатынын айтса, өзгесі жекпе-жекте кімнің жеңіске жететіні туралы ойын ортаға салды.

«Мен бұл мүмкіндікті көп күттім және бұдан айырылуға жол бермеймін. Головкин Эрислан­ди Лараға емес, Эскива Фалькаоға қарсы жекпе-жек өткізеді!» − деп жазды Головкиннің бразилиялық қарсыласы. Сондай-ақ Фалькао GGG-дің фанаты екенін де жасырмады. «GGG өте керемет жігіт, тәжірибелі спорт аңызы. Мен бәсекелестікке қарамастан оның жанкүйерімін. Ол қауіпті жігіт, оның соққылары жойқын және нокаутқа құлату ықтималдығы жоғары. Алайда қазір ол 40 жаста және соған сай рингте аздап қиындыққа тап болады. Головкинде бұрынғыдай реакция, жылдамдық жоқ, кейбір қарсы шабуыл­дарда сәтсіздікке ұшырайды. Ал менің жасым 32-де. Сондықтан менің уақытым келді деп ой­лаймын. Ол бұдан 10 жыл бұрынғы Головкин емес. Қарсы шабуылға оның енді реакциясы жоқ. Ме­нің ойымша, ол баяу төменге сырғып жатыр», − деді Фалькао.

Эскива Фалькаоның менеджері Серхио Батарелли WBA және IBF-тен өз спортшысының орта салмақтағы әлем титулының қазіргі иегерімен жекпе-жегін тағайындау туралы хабарлама алғанын растады. Шарт бойынша жекпе-жек 120 күн ішінде өтуі керек, ал оның жеңімпазы WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Эрисланди Ларамен жұдырықтасуға міндетті.

«Екі командаға келесі жылдың басында жекпе-жек өткізу үшін келіс­сөздерді бастау туралы бұйрық келді. Менің ойымша, бұл сайыс 2023 жылдың ақ­пан немесе нау­рыз айында бола­ды. Күні мен орны келіссөздерге байла­нысты», − деді брази­лиялық боксшы­ның промоутері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: