Дүйсенбі, 22 шiлде, 05:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Халықаралық шахмат күніне орай спорттық іс-шара өтті

21.07.2024

51 0

20 шілде – Халықаралық шахмат күніне орай Орталық алаңда спорттық іс-шара өтті. Шара басында «Уникум» орталығының өнерлі шәкірттері ән мен биден шашу шашып, спорттық бағытта қойылымдар қойды.

Әрі қарай, шахматтан жасөспірімдер арасында түрлі деңгейдегі чемпионаттарда облыстың атын шығарып жүрген дарынды жасөспірімдер Азат Әмреев пен Ернар Ержанұлы ортаға шақырылып, шахмат тақтасы арқылы өзара сайысқа түсті.

Шахмат сайысындағы жүрісті тірі фигуралар үлкен шахмат тақтасында бейнелеп отырды.

Айта кету керек, аталған шараны өткізуге атсалысқан ұйымдастырушылар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Тірі фигура қызметін атқарған «Уникум» орталығының жасөспірімдеріне қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі тарапынан алғыс хаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: