Сурет: Ulysmedia.kz
Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады, деп жазды Ulysmedia.kz.
Дереккөз мәліметінше, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге.
Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады.
Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай:
Кертис Волк («Автомобилист») – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);
Виктор Сведберг («Авангард») – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);
Алексей Маклюков («Металлург») – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);
Роман Старченко («Спартак») – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);
Валерий Орехов («Адмирал») – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).
Еске сала кетсек, астаналық «Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!