Бұл туралы мәнерлеп сырғанаушы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Бурабайға тұңғыш рет бардым. Осындай асқан сұлулықты көріп қана қоймай, уақытты пайдалы өткіздім. Кішкентай арманым орындалды. Мұз қатқан көл бетінде Димаш Құдайбергеннің «Знай» әуенінің сүйемелдеуімен сырғанадым. Соңғы кездері бұл әнді жиі тыңдайтын болыппын, – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.
Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева ресми жарыстарда төрттік секіруді орындаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!