Сәрсенбі, 03 шiлде, 10:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Кент әкімі спорттағы үздіктерді қабылдады

05.02.2023

866 0

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Тасбөгет кентінің әкімі Семсер Сыздықов кенттегі спорт саласының өркендеуіне ерекше үлес қосып жүрген азаматтарды қабылдап, арнайы кездесті.

Кездесуде спорттық шараларға демеушілік танытып жүрген кәсіпкерлер мен спорттың әр түрі бойынша ең мықты көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген үздік спортшыларға, спорттық шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген мамандарға атаулы номинациялар мен алғыс хаттар табысталды.

Кент басшысы барлық спортшыларға кенттің атынан әр түрлі деңгейдегі спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алуға үлкен үлестерін қосып жүрген еңбектері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да бір жұдырықтай жұмылып, Тасбөгет кентінің абыройын асқақтата беру үшін күш-жігерлерін салуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: