Жұма, 27 желтоқсан, 04:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көшпенділер ойынынан кейін қырғызстандық қазақтарды балағаттаған

22.09.2024

1005 0

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар дауынан кейін арандатушылық видео жариялаған қырғызстандықты анықтады, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы.

Видео авторы екі елден де кешірім сұраған. Қолданушы әлеуметтік желіде КамАЗ жүргізушісі ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып, лақтырып жіберген видеоны таратқан. Бұл қазақстандықтармен қатар қырғызстандықтардың да ашуын тудырды.

Ведомство мәліметіне қарағанда, видеоның 21 жастағы авторын мемлекеттік комитетке апарып, әңгіме жүргізген. Ол эмоцияға берілгенін мойындап, екі елден да кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі ел арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін, – деп ескертті ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: