Испандық «Барселона» клубының директоры Жоан Лапорта қазір Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында ойнап жүрген Лионель Мессидің қайтып оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Лионель Мессидің Барселона тарихындағы жолы аяқталған жоқ деп үміттенемін. Ол әлі де мүмкін және оны бұрынғыдан да әдемі ету біздің міндетіміз. «Барселонаның» президенті ретінде мен өзімді Мессидің алдында қарыздар сезінемін», – деп келтіреді Фабрицио Романо Лапортаның сөзін өз Twitter-інде.
Еске салайық, Месси 2000 жылдан 2021 жылға дейін Барселона сапында өнер көрсетіп, содан соң ол каталондық клубтан кетіп, еркін агент ретінде ПСЖ-ға ауысқан.
Шабуылшы каталондықтардың сапында он рет Испания чемпионы атанса, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ Месси «Алтын доп» жүлдесін ең көп иеленген ойыншы, ол 7 рет бұл марапатқа ие болған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!