Жексенбі, 11 тамыз, 06:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

Мәжіліс депутаты белгілі дзюдошы Абиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

11.08.2024

15 0

Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Париж Олимпиадасының қатысушысы дзюдо балуаны Абиба Әбужақынованы Астанада күтіп алды. Ел құрметіне бөленген спортшыны құрметтеп, су жаңа көлік мінгізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы

Депутат Абибаға Kia Ceed маркалы көлігін сыйлады.

Еске сала кетейік, депутат бұған дейін де Абибаға Әбужақыноваға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Абиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Абиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» – деген болатын депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: