Дүйсенбі, 15 қыркүйек, 11:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

14.09.2025

46 0

Фото: ҰОК

KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем біріншілігінің алтын медалін иеленді. 

Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. 

Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: