Сурет: prosports.kz
Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабырхан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада 57 келіде сынға түсіп жатқан Махмуд Сабырхан таиландьық Саравут Суктхетпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілер шешімі екіге бөлінді. Нәтижесінде басым дауыспен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, Махмуд ересектер арасында 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде алған еді. Оның шеберлігіне тәнті болған шетелдік басылымдар оған «Казақ Ломаченкосы» деген баға берген болатын.
Сондай-ақ, бүгін құрлықтық додада Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!