Жұма, 27 желтоқсан, 19:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мақсат БАЙЖАНОВ: Жеңісті серия жалғасын табады

05.07.2022

1268 0

Футболдан ел біріншілігінің 10-туры артта қалды. Премьер лига жолдамасы үшін талас жүргізіп жатқан Сырдың бас командасы турнирлік кестеде көш бастап келеді. Десек те соңғы ойында дала қасқырларына сәттілік жетіспеуде. Осы ретте журналист Ерасыл Шәрібектің команда капитаны Мақсат Байжановпен жасаған сұхбатын ұсынып отырмыз.

– Мақсат, соңғы төрт ойында «Қайсар» төрт ұпайға қол жеткізді. Капитан ретінде команданың бұл сәтсіздігін қалай түсіндіресіз?

– Иә, төрт ойын біз үшін қиындық тудырды. «Қайсар» Қазақстан кубогында бақ сынайтын болғандықтан ойын күнтізбесі тығыз болуда. Небәрі 6 күн ішінде екі кездесуден өткізіп жатырмыз. Бұл – алаңда еркін ойнауға кері әсерін тигізері белгілі. Бірақ мұны біз сылтау деп санамаймыз. Әрине, жеңіс бар жерде жеңілістің қатар жүретіні белгілі. Сондықтан сол үрдіс «Қайсардың» қазіргі жағдайына тұспа-тұс келіп тұр. Алда әлі көптеген матч бар. Солардың барлығында айымыз оңынан туады деп есептеймін.

– «Екібастұзбен» өткен кездесуге тоқталайықшы. Жеңіске жету үшін не жетіспеді?

– Біріншіліктегі қарсыластың барлығы мықты. Алаңда шалыс қимылдасаң кешірмейтінін «Екібастұздың» өзі аңғартты. Футбол командалық ойын болғандықтан, бір ғана позициядан қателік кетті деп есептемейміз. Қазір кеткен қателікті түзеу үшін бапкерлік штабпен теориялық жаттығуларды қолға алып жатырмыз. Стадионнан матчты тамашалаған жанкүйерлер жағдайымызды жақсы түсінеді деп ойлаймын. Себебі біз алаңда соңғы минуттарға дейін жеңіске ұмтылдық. Ойынның нәтижесі үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрдайым фанаттарымызды қуанту үшін алаңға шығамыз.

– Премьер-лига жолдамасы үшін талас қыза түсуде. «Қайсардың» жоғары мақсатқа жетуге мүмкіндігі қандай?

– Біріншілікте мына команда фаворит деп қарау әбестік болар. Кез келген ұжым сауатты ойнаса, ұпай еншілей алады. Сондықтан барлығына бірдей қарағанымыз абзал. Ал «Қайсардың» премьерлигаға шығуға қауқары толыққанды жетеді деп санаймын. Сол үшін басшылық тарапынан болсын, футболшылар тарапынан болсын тынымсыз тіршілік жасалуда.

– Алда жауапты матчтар келе жатыр. Ел кубогынан бөлек, «Жетісумен» сырт алаңда күш сынасамыз. Маңызды матчтарға дайындық жұмыстары қалай?

– «Екібастұздан» кеткен қателіктен кейін дайындық жұмысын екі есеге ұлғайттық. Өйткені Қазақстан кубогында премьерлигада өнер көрсететін командалармен күш сынасамыз. Оңай болмайтыны анық. Сол себепті тыңғылықты жаттығу жұмыстары керек. Ал 12 шілдеде негізгі қарсыласымыз – «Жетісумен» бақ сынаймыз. Талдықорғанда үш ұпайды еншілеуіміз керек. Турнирлік кестедегі командалардың ұпайы да шамалас. Сондықтан қателікке бой алдырмай, әр матчта жеңіске жетуіміз керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: