30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» футбол клубы «Реалмен» кездеседі. Испаниялық клубтан Қазақстанға кімдер келетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, футболшылар Алматыға ұшып келе жатыр, алайда нақты құрам ойын басталардан бір сағат бұрын белгілі болады.
«Реалдың» құрамы:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Алматыға келмегендер: Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао. Барлығы жарақат алған ойыншылар тізімінде.
Еске салайық, биылғы маусымда «Қайрат» алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасында ойнайды. Алматы командасының Қазақстандағы алғашқы матчі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те мадридтік «Реалға» қарсы өтеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!