23-29 қараша аралығында Португалиядағы Вила Реал Ди Санто Антонио қаласында «IWAS-2022» тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында дүниежүзілік ойындары ұйымдастырылды.
Жарысқа әлем¬нің 34 мемлекеті¬нен 500-ге жуық спортшы қатыс¬ты. IWAS ойын¬дары − арбаға таңыл¬ған және де мүмкіндігі шектеулі спортшыларға ар¬нал¬ған мульти¬спорт¬тық жарыс. Бұл жа¬рыс екі жылда бір рет өткізіледі.
Халықаралық жарыста облыстық мүгедектігі бар жандарға арналған спорт клубының пара жеңіл атлеттері және Қазақстан Республикасы құрама командасының спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жеңіске жеткен спортшылар арасында жерлес мергендеріміз бар. Жаттықтырушы Юрий Мощеевтің найза лақтырудан сынға түскен спортшылары арасында Еламан Жоламан жүлделі екінші орынды иеленсе, Қолғанат Бақберген дүниежүзі ойындарының қола жүлдегері атағын иемденді.
Осы жарыста Сыр спортшысы Айгүл Байжанова пара пауэрлифтинг спорт түрі бойынша 86 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды. Жарыс жеңімпазы Айгүл Байжанованы Бахытбек Рысбаев жаттықтырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!