Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші – 15.533.
Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!