Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін чемпионы Азамат Бақытовпен кездесіп, спортшыны кезекті жеңісімен құттықтады.
«Сыр топырағынан түлеп ұшқан, қазақтың намысын қорғайтын, әлемдік додаларда көк туын желбірететін спортшылардың көбейгені – біз үшін мақтаныш. Сенің спорттағы жетістіктерің жастар үшін үлгі, табандылықтың, тәртіптің және нағыз балуан рухының символы. Алдағы уақытта да жеңісті күндерің көп болып, еліміздің мәртебесін арттыруға атсалыса бергейсің», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, Сыр өңірінде спорт саласын серпінді дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары аймақтың спорттық инфрақұрылымын ілгерілету ерекше басымдыққа ие.
Облыс орталығы мен аудандарда 10-нан аса соңғы үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді.
Ілкімді істердің арқасында спортшыларымыз жыл басынан бері Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 28 алтын, 39 күміс, 56 қола медальға қол жеткізді.
Өңірде бұқаралық спортпен айналысушылар саны да жылдан жылға артып келеді. Қазіргі таңда 342 223 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!