Жұма, 29 қараша, 08:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Оғландар озған дода

24.01.2023

582 0

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен 2023 жылғы қысқы Универсиада аяқталды.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс, төрт қола жүлде жеңіп алып, медальдар кестесінде он бірінші орынға ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада та­бысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтиже­ге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеу­лі үлес қосты. Елімізде бұқаралық және бала­лар спортын дамытуға барлық жағдай жаса­лып жатыр. Құрама командамыздың Универсиа­да ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жас­ты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық», – деді Президент.

Отандастырымыз әлем алдында еліміздің атын асқақтатып, көктуымызды үш мәрте көкте желбіретті.

Атап айтқанда, Бекентай Тұрлыбеков (биат­лон), Вадим Куралес (биатлон) және Данил Васильев (шаңғымен секіру) чемпионы атанды.

Шорт-тректен (ерлер және аралас) және шаңғымен трамплиннен секіру (ерлер) бойынша Қазақстан құрамалары, Александр Мухин (биат­лон) күміс медаль жеңіп алды. Қола жүлдені хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы, биатлоннан әйелдер құрамасы, Александр Мухин (биатлон) және Ксения Шалыгин (биатлон) жеңіп алды.

12-22 қаңтар аралығында өткен спорт додасына әлемнің 50 елінен 1443 спортшы қатысты. Халық­аралық жарыста Қазақстан намысын 78 спортшы қорғады.

Жалпыкомандалық есепте Жапония құрама­сы 48 медальмен жеңіске жетті. Оңтүстік Корея 29 жүлдемен екінші болса, Канада 13 жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: