Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Олимпиада-2020: Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы қарсыласын сенімді жеңді

29.07.2021

1047 0

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

91 келіден жоғары салмақта Қоңқабаев 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.   

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында төрт боксшымыз қалды. Бұған дейін Абылайхан ЖүсіповВасилий ЛевитСерік ТеміржановБекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Ал бүгін Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шыққан еді. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: