Сейсенбі, 30 желтоқсан, 16:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Олимпиада-2026: Қазақстан ұлттық құрамасын дайындауға қанша қаражат бөлінді

30.12.2025

49 0

Сурет: X/ iocmedia

2025 жылғы 30 желтоқсанда Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Милан мен Кортината-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасын дайындауға бөлінген қаржыны баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, нәтижеге қол жеткізу мақсатында министрлік спорт федерацияларымен бірлесіп ұлттық құраманы дайындауға кешенді жоспар әзірлеген.

«Жоспар аясында жаттығу сабақтары, медико-психологиялық қолдау, қаржылық қолдау, қажетті спорттық жабдықтар, тамақтану және білікті жаттықтырушылармен жұмыс қамтамасыз етілді. Олимпиадаға сапалы дайындық үшін ұлттық құрамалар қысқы спорт түрлері бойынша 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ спортшыларымыз 125 халықаралық жарысқа қатысты», – деді Мырзабосынов.

Оның айтуынша, жалпы қаржыландыру көлемі – 13,3 млрд теңге.

«Оның 585 млн теңгесі – федерациялардан, 5,3 млрд теңгесі – республикалық бюджеттен, 6,2 млрд теңгесі – жергілікті бюджеттен, 1,2 млрд теңгесі – Туризм және спортты қолдау қорынан бөлінді», – деп хабарлады министр.

Еске салсақ, 3 желтоқсанда Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары марапаттау рәсімдері үшін ресми киімді таныстырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: