Алдағы уақытта бокс жазғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бокс жоқ. Алайда бұл ақырғы шешім емес.
«Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы кеңесі Халықаралық бокс ұйымы басқармасын асқан алаңдаушылықпен бақылайls», – делінген ХОК-тың IBA асшысы Умар Кремлевке жіберген хатында.
Бокста үдемелі реформалардың жоқтығы мен IBA-ның ресейлік «Газпром» компаниясына тәуелділігі ХОК-тың алаңдаушылығын тудырып отыр.
«Кешке кешке алған есептегі ақпаратқа сәйкес, IBA-ның әзірге өзге табыс көзі жоқ», – деп мәлімдеді комитеттің спорт директоры Кит Макконнелл.
Бұған дейін қаржылық қиындықтардың салдарынан ХОК IBA-ны Токио ойындарын ұйымдастыру және басқару ісінен шеттеткен болатын. Сондай-ақ бокс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!