Әзірбайжан астанасы Бакуде пара дзюдодан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа Сыр елінің палуаны Олжас Оразалыұлы қатысып, жүлделі оралды.
Ел намысын қорғап жүрген Қызылорда облысының спортшысы, ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олжас Оразалыұлы 73 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола медальға ие болды.
41 елден 400 ден астам спортшы қатысқан палуандар бәсекесіне Сыр саңлағын Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбай дайындады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!