Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары арасында көңілді эстафета сайысы өтті.
Жас зияткерлер түрлі спорттық құралдарды қолдана отырып, физикалық тапсырмаларды орындады. Эстафета соңында командалар арқан тартыс ойынында күш-жігерлерімен сынасып, спорттық қабілеттерін шыңдады.
Сайыс қорытындысы бойынша бірініші орынды 7 «Е» ойыншылары иеленсе, екінші және үшінші орындарды 7 «D» мен 7 «В» сыныптар өзара бөлісті.
![Оқушылар арасында көңілді эстафета өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/06/46-1-1024x682.jpg)
![Оқушылар арасында көңілді эстафета өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/06/47-1-1024x682.jpg)
![Оқушылар арасында көңілді эстафета өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/06/48-1-1024x682.jpg)
![Оқушылар арасында көңілді эстафета өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/06/49-1-1024x682.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!