Жұма, 22 қараша, 04:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Париж олимпиадасынан тыс қалған Елена Рыбакина мәлімдеме жасады

31.07.2024

320 0

Фото: Clive Brunskill / Getty Images

Денсаулығының сыр бергеніне байланысты Париж олимпиадасына қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина желіде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиада ойындарында жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек болған Елена Рыбакина Париждегі дүрмекке қатыса алмағынына қапаланып, жанкүйерлерден кешірім сұрады.

“Құрметті жанкүйерлер, Отандастарым! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын. Мен командамен бірге белсенді дайындалдым. Өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиындады. Дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды.

Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс істедім және медаль жеңгім келді. Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: