Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов Париждегі Олимпиада ойындарындағы жеңістен кейін ұлттық командадан кетті.
Sports.uz порталының журналисті Джалал Ахмедовтің сөзінше, Баходир Олимпиададағы Айюб Гадфа Дриссиді жеңгеннен кейін кәсіпқой боксқа бет бұрмақ.
Осылайша, Джалолов Олимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды: біріншісін 2020 жылы Токиода алған еді. Сонымен қоса, ол әлем чемпионатының алтынын екі рет иеленген (2019, 2023).
Ал кәсіпқойда Джалолов 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!