Жұма, 22 қараша, 06:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Париж Паралимпиадасында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

05.09.2024

640 0

Жазғы Паралимпияның жетінші күні жемісті болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Пара пауэрлифтинг

Ерлер арасында 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Парижде ұлттық құрама қоржынына түскен алғашқы алтын медаль.

Әйелдер бәсекесінде 45 кг салмақта өнер көрсеткен Тұрсынай Қабыл 95 кг нәтижемен 6-орыннан көрінді.

Пара жеңіл атлетика

Ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынаған Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Пара жүзу

Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд.

Волейболды отырып ойнау

Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады.

Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: