Сәрсенбі, 28 қаңтар, 00:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

«Қайрат» Чемпиондар лигасы алдындағы еуропалық клубтармен өтетін матчтарын жариялады

03.01.2026

543 0

Фото: Egemen.kz.

Алматының «Қайрат» футбол клубы үш апталық демалыстан кейін өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынының орнын және жоспарланған жолдастық кездесулерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Клубтың баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлағандай, 4 қаңтар күні таңертең «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, 15 қаңтарға дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

«Жиынның басты мақсаты футболшыларды оңтайлы физикалық қалыпқа келтіру және ресми матчтарға сапалы дайындық жүргізу», делінген клуб мәлімдемесінде.

Сондай-ақ алматылық клуб екі жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді. Атап айтқанда,

  • 9 қаңтарда Әзербайжанның «Нефтчи» клубына қарсы,
  • 14 қаңтарда Хорватияның «Вараждин» командасымен ойнайды.

Айта кетейік, жұма күні команда клуб базасында жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда «Қайрат» Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде 36-орында тұр. Алматылық клубтың еншісінде бір ғана ұпай бар, ол Кипрдің Пафос командасымен өткен матчтағы тең ойын (0:0).

Ал қалған бес кездесуде қазақстандық клуб жеңіліс тапты. 

Алда «Қайратты» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюгге», сондай-ақ 28-нен 29 қаңтарға қараған түні Лондонның «Арсенал» клубтарына қарсы матчтар күтіп тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: