«Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен ұтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойынның алғашқы минуттарында «Қайрат» бірнеше рет қарсыластар қақпасына шабуыл жасағанымен, сәтсіз болды. Кездесудің алғашқы есебін «Реалдық» Килиан Мбаппе ашып, алматылық клубтың қақпасына гол соқты. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.
Ал екінші таймда «Реал» ойыншылары «Қайрат» қақпасын төрт рет дәл көздеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!