Бейсенбі, 08 қаңтар, 20:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті

07.01.2026

69 0

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» командасы сапынан былтыр негізгі құрамда ойнаған екі шетелдік футболшы кетті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Алдымен грузиялық 28 жастағы жартылай қорғаушы Гиорги Зарианың келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кеткені хабарланды.

Гиорги «Қайрат» сапына 2024 жылдың басында қосылды. Алғашқы ресми матчында ол жеңіс әкелген гол соқты. 2024 жылғы маусымды жоғары деңгейде өткізді. Ол 30 матчта 15 нәтижелі пас шығарып, Қазақстан Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атанды.

Чемпионаттың соңғы турында «Атырауға» қарсы матчта жалғыз әрі шешуші гол соғып, «Қайратқа» чемпиондық атақ алып келуге үлкен үлес қосты. 2025 жылғы маусымда да ол командаға ел чемпионы атануға, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті.

«Қайрат» құрамында Зариа жалпы 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ бүгін команда құрамынан израильдік футболшы Офри Арадтың кеткені белгілі болды. «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылған ол бастапқыда орталық қорғаушы ретінде ойнады. Келесі маусымда жартылай қорғаушы шебіне сәтті ауысып, қысқа уақытта команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды.

Арад клубқа 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атануға, 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. «Қайрат» сапындағы соңғы матчында ол «Джузеппе Меацца» стадионында «Интердің» қақпасына гол соқты (1:2).

Алматылық клуб құрамында үш маусым ішінде Офри Арад 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: