Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

«Қайрат» жаңа легионермен күшейді: жанкүйерлерді не күтеді

15.12.2025

63 0

Фото: Telegram/ fc_kairat

15 желтоқсанда «Қайрат» футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғандарын қуана жариялады. Келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Яакко кәсіби мансабын финляндиялық «ХИК» клубында бастаған.

2018 жылы ол англиялық «Брентфорд» клубына ауысып, екінші командасында ойнады. Кейін Оксанен жалға «Уимблдон» және шотландиялық «Мортон» клубтарында өнер көрсеткен. 2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, «КуПС» клубымен келісімшартқа отырып, «Қайратқа» ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.

Осы маусымда Яакко Оксанен «Қайратпен» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матчтың қорытындысы бойынша «сары-қаралар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен, ал жартылай қорғаушы бірінші ойында гол соққан.

Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч ойнап үлгерген. 

Орталық жартылай қорғаушы Яакконың жасы 25-те, бойы – 180 см, салмағы – 70 келі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: