Дүйсенбі, 10 ақпан, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

«Қайсар» биыл шетелдік ойыншылардан бас тартты

09.02.2025

89 0

Фото: Қайсар футбол клубы

Қызылордалық «Қайсар» командасы биыл шетелдік футболшылардан бас тартты. Енді олар тек қазақстандық футболшыларға сенім артады. Бұл жөнінде облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORМ.

– Бұл шешімді жергілікті тұрғындар әртүрлі қабылдады. Елімізде жанкүйерлер тарапынан қазақстандық ойыншыларға көңіл бөлу қажеттігі туралы жиі айтылады. Десе де қазірге дейін нақты қадам жасалған жоқ. Неге біз ел жастарына үміт артпаймыз? Таланттарға неге жол ашпаймыз? Жаңадан жасақталған команда алғашқыда қарсыласына қауқар көрсете алмауы мүмкін. Алайда әрбір ойында олар тәжірибесін арттырады, шеберлігін жетілдіреді. Олардың арасынан мықты футболшылар шығады деген ойдамын. Қазір команданың 700 млн теңгеге жуық қарызы бар. «Қайсардың» басшылығына келген азаматтар одан құтылудың жолын қарастырып жатыр. Ол демеушілерден түскен қаржы есебінен жабылады, – деді басқарма басшысы.

Қазір қызылордалық клуб Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

«Қайсар» футбол клубының директоры Талғат Әбдіғаппарұлы қазір демеушілермен келісімшартқа қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ командаға ақша түсіру мақсатында қосымша қаржы көздері қарастырылып отыр.

Қазір облыс орталығында бой көтеріп жатқан 11 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион биыл мамыр айында пайдалануға берілмек. Ол УЕФА-ның үшінші категория талабына сай келеді. Бұл талап бойынша команда еурокубоктың топтық кезеңіндегі ойындарын да өз стадионында өткізуіне мүмкіндігі бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: