Ресми Михаил Мищенко маусым соңына дейін қасқырлардың намысын қорғайды.
32 жастағы қорғаушы футболдық мансабының басым бөлігін Ресейде өткізген. Атап айтсақ, «Рубин», «Терек», «Алания», «Торпедо», «Тосно», «Сибирь», «Тамбов», латвиялық «Венстлипс», беларустік «Торпедо Белаз» секілді клубтарда доп тепкен. Михаил өткен маусымда «Тараздың» намысын қорғаған.
Қорғаушы алаңда 24 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!