Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Қайсар» футбол командасы ЗК-169/5 мекемсіне барып, жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді. Шараның мақсаты – жазасын өтеушілерге қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және саламатты өмір салтын нәсихаттау.
![«Қайсар» жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2021/06/2602d167-10ad-4ac4-80a6-ffdde34b84b8-1024x682.jpg)
Футболшылар алдымен әңгіме өрбітіп, жарыстарға, чемпионаттағы ойындарға қалай дайындалатынын айтып, спорттың қоғамдағы рөлін жеткізді.
Мереке қарсаңында өткен жолдастық кездесу тартысқа толы өтіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
– Бұл кездесу жазасын өтеушілерге қолдау білдіріп, қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіруге арналды. Біз чемпионаттан тыс осындай кездесулерді ұйымдастырып, бірге футбол ойнауға келістік. Байқауымызша, футболшылармен кездесіп, футбол ойнаған оларға қызық, – деді бапкер Жарқынбек Жоламанов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!