Бүгін Қызылорда облыстық футбол федерациясының вице президенті Болат Көшербаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл қасқырлардың бас бапкерін таныстырды. Қызылордалық «Қайсарды» жаңа маусымда жергілікті маман Сұлтан Әбілдаев жаттықтырады.
Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболшы. Алаңда жартылай қорғаушы қызметін атқарған. Мансабының басым бөлігін «Қайсар» футбол кубында өткізген.
Сұлтан Әбілдаев «Қайсар» футбол клубының тарихында ең көп ойын өткізген футболшы. Қазақстан Ұлттық Құрамасының намысын қорғаған.
2005 жылы мансабын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке ден қояды. Алдымен футбол орталығында шәкірт тәрбиелеумен айналысса, 2009 жылы «Қайсар» командасын жаттықтырады.
2010 жылы бас бапкердің көмекшісі қызметін абыроймен атқарды.
2016 жылға дейін клубта түрлі бағытта қызмет атқарып, 2016 жылы «Қайсар» футбол клубына бас бапкер қызметіне тағайындалып, команданы Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарады. Сол жылы Бірінші лига арасында ең үздік бапкер атағына ие болды.
Айта кетейік, жаңа маусымда «Қайсар» футбол клубына премьер-лига жолдамасын жеңіп алу мақсаты қойылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!