Бүгін «Нұрсәт» теннис орталығында Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бастау алған облыстық спартакиада өз мәресіне жетті. Естеріңізге сала кетейік, жарысқа 7 аудан мен қаладан 8 команда, 80-ге жуық спортшы спорттың 3 түрінен, яғни дойбы, үстел теннисі және жүгіру эстафетасынан жүлделерді сарапқа салды. Қала құрамасы дойбы спорт түрінен І орын, үстел теннисінен І орын, жүгіру эстафетасынан ІІ орынды иемденіп, жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алды.Жарысқа белсене қатысып, мықты атанған жеңімпаз, жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтар табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!