Бокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев бокстан AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтеді.
«Мен осы әлем чемпионатының елшісі болғаныма қуаныштымын. Болашақ чемпиондар жас кезден қалыптасады. Сондықтан оларды қолдау аса маңызды. Жастардың финалына қатысып, тартысты жекпе-жектердің куәсі боламын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», – деді Қамшыбек.Әлем чемпионаты елшісінің функцияларына әлем чемпионатын насихаттау және жарысқа қатысты барлық іс-шараларға қатысу кіреді. Сонымен қатар, спортшы әлем чемпионатына, жас былғары қолғап шеберлерімен кездеседі. Сонымен қатар жарыстың баспасөз конференцияларына қатысады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!