АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) қарсыласы эквадорлық Джейсон Минданы (14-3-1, 8 КО) 7 раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын.
Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдауын алған Джейсон Минда 7 раундта нокаутқа түсіп қалды .
Жеңістен кейін сұхбат берген Қазақстан боксшысы мексикалық Сауль Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды.
«Канело», vamos! Сен мені көріп отырсың, бақыттысың, мені жақсы көресің! Кел, жекпе-жекке шығайық», – деді Қанат Ислам.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!