Қызылорда облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен “Ауыл” партиясы облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен қазақ күресінен жасөспірімдер арасында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновты еске алуға арналған республикалық турнир басталды.
Турнирге әр өңірден 10 салмақ дәрежесі бойынша 150-ден аса балуандар бақ сынауда. Турнирдың ашылу салтанатында облыстық мәслихат депутаты, “Ауыл” фракциясының мүшесі Садық Мұстафа жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Темірбек Жүргенов ұлттың болашағын ойлап, тіліміз бен діліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдени құндылықтарымыздың ұлықталуына айрықша атсалысқан тұлға.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!