Бейсенбі, 30 қазан, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан балуандары Азия ойындарын 9 медальмен аяқтады

30.10.2025

59 0

Фото: gov.kz

Еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарында сегіз медаль – бір алтын, екі күміс және алты қола жүлде еншілеп, жарысты сәтті аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алтын медальді команда қоржынына Асамбек Бекасыл (60 кг дейін) салды. Оның жеңісі еліміз үшін ең маңызды жетістіктердің бірі болды.

Күміс жүлдені әйелдер құрамасының өкілдері Жайдар Мұқат (61 кг) пен Сания Солтанғали (53 кг) иеленді.

Қола медаль иегерлері:

  • Бақдәулет Ағабек (45 кг дейін),
  • Сабыржан Рахатов (48 кг дейін),
  • Ибрахим Ысқақбек (55 кг дейін),
  • Ералы Әскербек (65 кг дейін),
  • Нұрайым Саяхмет (69 кг дейін),
  • Нұртай Наров (71 кг дейін).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: